Жаңалықтар

Билер сайлау реті

Народный соттың негізгі кемшілігі – выборнойларды сатып алу, сонан соң оған шығарған шығынын өтеу үшін пара алу. Билердің сайлаусыз болуы мүмкін емес.
27.08.2014 21:59 3004

Билер сайлау реті

Народный соттың негізгі кемшілігі – выборнойларды сатып алу, сонан соң оған шығарған шығынын өтеу үшін пара алу. Билердің сайлаусыз болуы мүмкін емес. Олай етсе, халыққа патша тарапынан берілген хұқын кеміту болады. Жəне де судебный устав жөнінде де халаф келеді. Қазақ арасындағы хакімдер айтуынша билер хакім ұйғаруымен қойылатын болса, крестьянский начальниктерге, губернаторларға жұрттың обал-сауабын міндетіне алу қиын болар еді. Өйткені билікке ұйғаратын қазақтың адамшылығы қандай екені оларға мəлім емес.

Сондықтан сайлау жолын сақтап, бірақ сатылушы выбор- нойлар кем боларлық жағына қам қыларға керек. Осы күнгі би сайлаушылар волостной выборнойлар, елубасылар. Бұлардың саны волостной ішінде 50 есе кем сайлауға хұқы бар үй иелерінен. Елу үйден бір адамды сатып алу мен үй басына бір адамнан сатып алу бірдей емес. Сондықтан билерді елубасылар емес, үй қожалары сайласа, сатылу кемір еді. Онымен қатар, билердің ірі адамдардан болуы үшін, хакім жағының қатысы болмас үшін, проект 15-нші июльдегі сайлау жолын ұнатады. Əр ауылный ел ортасынан би боларлық екі адам сайлап шығарады; бұлар жиылып, крестьянский начальник алдында, құпиялап, ортасы- нан үш жылға волостной соттың председателін, члендерін һəм бұлардың орынбасарларын сайлап шығарады. Би сайлауын ауылный обществоға берсе де, соттың əділ болу қамы үшін сайлау тыңғылығын хүкімет бақылауына қою тиіс. Сондықтан уездный сиез бекітпеске хұқты боларға керек: сайлау законге, ретке қисық жолмен болған кезде түгіл, сайлап шығарған адам сиез қарауынша биге лайық емес, яки би міндетін атқару қолынан келмейтін адам болған кезде де.

Судьялардың еңбекақысы

Судиялардың еңбекақысы туралы мəселе  де  өзгесінен кем емес. Осы күнгі еңбекақыларының жолы қолайсыздығы жоғарыда айтылды. Судиялар шаруасын тастап, қызмет атқарғандағы көретін зиянын осы күнгі алатын ақылары ақтай алмайды. Сондықтан олар сол зиянды жолдан тысқары жөнмен өтеуге кіріседі. Сөйтіп, билікті малдың шығатын бұлағы сияқты көрсетіп, жаман үйретеді. Екі жағын ымыраластырып бітіріп, ол үшін артық еңбекақы алуға қалыптандырады. Билік пара алудың орны сияқты, би мен даугер арасында сауда сияқты болады.

Бұл болмас үшін билерге белгілі жалование кесерге, ол жалование патшалық қазынасынан берілгені артық. Патшалық қазынасынан беру абзал болғанмен, оны бұл кезде істеуге бола қояр ма екен? Өйткенде қазақтарды мұжықтардан ардақты көрген болар еді. Мұжықтардың волостной сотының судиялары ақыны қазынадан алмай, мұжықтардан алады. Сондықтан қазақтың народный судиялары  да,  буряттың  һəм  Сібірдегі орыстардың волостной судиялары сияқты, жұрт шамалап кесуінше əлеумет ақшасынан алғаны қолайлы. Жұрт шамалап кескенде, аға судияның ақысы жылына 200 сомнан, член судиялардың ақысы 100 сомнан кем болмасқа. Крестьянский начальниктер мекемелері жұрт белгілеп кеспесе, яки аз кессе, өздері кесуге ықтиярлы болсын. Бұлай ету əсіресе қажеттігі екінші жағынан да сезіледі. Сот турасындағы қызметпен елді аралау расходы, əсіресе екінші дəрежелі соттың құрылуына баратын адамдардың расходтары судия жалованиелерімен сабақтас һəм солай ету Забайқал облысындағы көшпелі жұрттарда да бар.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре" 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға