Бибісара Асаубаева Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингінде көш бастады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әбу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде жеңіске жетіп, Қазақстанның шахматшылар рейтингінде үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әбу-Даби фестивалінде әйелдер арасында бірінші орынды Бибісара Асаубаева иеленді (мүмкін болған 9 ұпайдан 5,5 ұпай, жалпы рейтингте 22 орын). Бұл нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшылар рейтингінде бірінші орынға шығарды.
Қазақстандық қатысушылардан құралған «Masters» тобында ерлер арасындағы үздік нәтижені Арыстанбек Оразаев көрсетті. Ол 9 ұпайдан 6,0 ұпай жинады. Мықты қарсыластармен өткен екі соңғы жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстер балл нормасын орындауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ әйелдер турнирі («Ladies») мықты құрамды жинады. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша бесінші орынды иеленді. Анель Мұратованың (Алматы) еншісінде 5,0 ұпай бар, ол жалпы есепте 10-шы орында.
