Бибісара Асаубаева Гран-приде екінші орын алды

Фото: Sport Qory
Фото: Sport Qory
25.08.2024 12:14
566
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Тбилисиде (Грузия) әйелдер арасында өткен ФИДЕ Гран-приінде екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асаубаева турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады – ол екі рет жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнады. Бірінші орынды 6 ұпаймен Польша өкілі Алина Кашлинская иеленді – үш жеңіс және жеті тең ойын. Үздік үштікті 5 ұпай алған грекиялық шахматшы Ставрула Цолакиду түйіндеді – бір жеңіс және сегіз тең ойын.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – блицтен екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2021 және 2022 жылдардағы әлем біріншіліктерінде топ жарған. Сонымен қатар, 2021 жылы осы жарыс түрінен жеңіске жеткен ең жас шахматшы атанды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павел Дуров Францияда ұсталды, енді ол 20 жылға сотталуы мүмкін
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды