Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-приде көш басына шықты
Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при өтуде
Фото: instagram.com/bibisarachess
Фото: instagram.com/bibisarachess
02.04.2023 13:05
2198
Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-при кезеңінде көш басына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бүгін Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті. Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шықты. Қазір 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы бүгін 8-турда кім мықтыны анықтамақ.
Айта кетейік, қазақстандық шахматшы кеше Полина Шувалованы, оның алдында тағы бір үндістандық Харика Дронаваллиді сенімді ұтқан. Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Байжанбаевтан Бөлебаевқа дейін
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді