Биатлоншы Милана Генева IBU кубогінде үздік ондыққа енді
Фото: instagram.com/milanageneva
Фото: instagram.com/milanageneva
03.02.2024 23:05
835
Польшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU кубогінің үшінші кезеңі аясында спринт жарысы өтті. Қазақстандық биатлоншы Милана Генева үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақтан Биатлоншылар одағының мәліметінше, Милана Генева қыздар арасында 10 км спринтте 87 спортшының арасынан мәреге 6-шы болып жетті (+2:00.4; 1).
Алғашқы болып жеңіске аустриялық Анна Андексер (24:05.9;1) жетсе, екінші болып неміс биатлоншысы Алина Нуссбикер (+1:29.0;1), үшінші болып тағы бір неміс спортшысы Юлия Фоглер келді (+1:46.7).
Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Крюкова Арина мәреге 21-ші, Карабаева Алема 49-шы, Долгополова Ксения 73-ші болып жетті.
Оқи отырыңыз:
- Астанада хоккейден Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
- Олимп жолы: Ислам Сәтпаев Париж олимпиадасына қалай дайындалып жатыр
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан чемпионатында әскери балуандар 7 медаль жеңіп алды