Биатлоннан әлем чемпионаты: еліміздің әйелдер құрамасынан кімдер қатысады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
18.02.2025 13:34
585
Қазақстан құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарына қатысқаннан кейін бірден әлем чемпионатына аттанды. Байрақты дода Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18 ақпанда әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сын бойынша жарыстар өтеді. Бұл сында еліміздің намысын үш спортшы қорғайды: Ольга Полторанина, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко.
Жарыс жолына жалпы 93 биатлоншы шығады. Бәсеке Астана уақытымен 19:05-те басталады. Ал ерлер арасындағы жекелей жарыстағы медальдар 19 ақпанда сарапқа салынады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда мың мопед тіркелді
Келесі жаңалық
Елордада «Цифры сот орындаушысы» тімділігін көрсетті