Би-2 концерттен түскен сыйақысын өрттен зардап шеккендерге береді

Фото: vk.com/b2band
Фото: vk.com/b2band
15.06.2023 09:07
1101
Ресей және Беларусьтің Би-2 тобы Семейдегі концерттен түскен сыйақысын толықтай Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы танымал топ Астанадағы концертте хабарлады.
Алапат өрттен қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көңіл айтамыз. Семейде концерт өткізуіміз қажет болған, ойлана келе концертті тоқтатпай, түскен қаржының барлығын зардап шеккендерге көмек қорына беру туралы шешім қабылдадық, - деді топтың солисі Шура.
Бұл танымал топтың концерті 21 маусымда Семейдегі «Абай Арена» стадионында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде алғаш рет лапароскопиялық ота жасалды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті