Бейжің ауруханасында болған өрттен 21 адам көз жұмды

Фото: ©AP/Mark SCHIEFELBEIN
Фото: ©AP/Mark SCHIEFELBEIN
19.04.2023 09:25
1556
Қытай астанасындағы ауруханада болған өрттен 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Орталық телевидениесі (CCTV) хабарлағандай, өрт 18 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Бейжіңдегі Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінің шығыс қанатында болған. Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін 30 минут ішінде өртті сөндірді. Екі сағаттан кейін Іздеу-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.
Аурухананың 71 пациенті эвакуацияланды. 21 адам қайтыс болғаны белгілі.
Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
