Бейжіңдегі Олимпиада: Екінші жарыс күнінің кестесі

Қытайда төржылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындары басталды. Ақ Олимпиада Ұйымдастыру комитеті, Халықаралық Олимпиада комитеті және Қытай билігінің талаптары мен ережелеріне сай өтуде, деп хабарлады Olympic.kz.
Қазақстандық спортшылардың екінші жарыс күніндегі кестесі келесідей.
Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады.
Сондай-ақ, бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.
baq.kz
