Бейжің Олимпиадасында ирандық спортшыдан допинг анықталды

10.02.2022 16:37
1595
Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада бірінші оң нәтиже көрсеткен допинг сынама анықталды, деп хабарлады vesti.kz.
Халықаралық допингке тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап отырған "Чемпионат" порталының хабарлауынша, Иранның тау-шаңғышысы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған.
36 жастағы спортшы Қысқы ойындардың ашылуы салтанатында Иран туын ұстап шыққан. Қазір ол жарыстан уақытша шеттелді.
Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочи Олимпидасына қатысқан.
baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Кеше тәжірибе жетіспей қалды – Әділ Ғалиахметов
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді