Жаңалықтар

Бейжің Олимпиадасында допинг қолданған спортшының кінәсі дәлелденді

Бейжің Олимпиадасында допинг қолданған спортшының кінәсі дәлелденді
19.02.2022 10:32 1557

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада допинг-сынамада оң нәтиже көрсеткен спортшыны Спорттық арбитраждық соты кінәлі деп таныды,деп хабарлады 24.kz.

Тестілеуден кейін ирандық шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшының сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиті табылған. 

36 жастағы Хуссейн Савех-Шемшаки Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран елінің туын алып шыққан. Қазір ережеге сәйкес ол жарыстан шеттетілген. 

Савех-Шемшаки – танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға