Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?

21.02.2022 10:38
1574
Бейжің Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазды Хабар24.
Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде жеңе алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларымызға сыйақы беріледі.
Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі.
Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады.
baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақ Олимпиада эстафетасы Италияға табысталды
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды