Бейонсе жанкүйерлері үшін метроға 100 мың доллар төледі

Фото: instagram.com/beyonce
Фото: instagram.com/beyonce
09.08.2023 10:30
1067
Бұл қаражатты Бейонсе жанкүйерлері өзінің концертінен соң үйлеріне жетіп алуы үшін төлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің Вашингтондағы концерті ауа райының қолайсыздығына байланысты шамамен екі сағатқа кешігіп басталды. Концерт аяқталған уақытта метро жұмысы тоқтап қалады екен, жұлдыз метрополитеннің қосымша жұмыс уақытына 100 мың доллар төлеген. Осылайша ол тыңдармандары үйлеріне еш уайымсыз жетіп алуына жағдай жасаған.
Әртіс қаладағы барлық 98 станция жұмысын созуды өтініп, концертіне жиналған 50 мың көрермен үйіне тезірек жетіп алсын деген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Көпке үлгі Әлихан