Жаңалықтар

Бейбітшілік біз үшін маңызды: Владимир Зеленский Украинаның ұстанымын мәлімдеді

Бейбітшілік біз үшін маңызды: Владимир Зеленский Украинаның ұстанымын мәлімдеді
Фото: ТАСС 04.03.2025 21:58 307

Украина президенті Владимир Зеленский елдің бейбітшілікке деген ұстанымы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз ешқайсымыз соғыстың шексіз жалғасқанын қаламаймыз. Украина тұрақты бейбітшілікке жақындау үшін мүмкіндігінше тез арада келіссөздер үстеліне отыруға дайын. Украиналықтардан артық бейбітшілікті ешкім қаламайды. Менің командам мен өзім осы мақсатта Президент Трамптың мықты басшылығымен жұмыс істеуге дайынбыз. Біз соғысты тезірек аяқтау үшін жұмыс істеуге әзірміз, ал алғашқы қадамдар ретінде тұтқындарды босату мен әуедегі атысты тоқтатуды ұсынамыз – зымырандар, алыс қашықтықтағы дрондар, энергетикалық және басқа да азаматтық инфрақұрылымдарға бағытталған бомбалауларға тыйым салу. Сондай-ақ, егер Ресей де осыған келіссе, теңіздегі атысты дереу тоқтатуды қалаймыз. Одан кейін барлық келесі кезеңдерді жылдам жүзеге асырып, АҚШ-пен бірге күшті қорытынды келісімге келуге ниеттіміз", - деді Зеленский. 

Сондай-ақ, Украина басшысы АҚШ-тың көмегіне қатысты да тоқталып өткен. 

"Америка Құрама Штаттарының Украина егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап қалуға қаншалықты көмек көрсеткенін жоғары бағалаймыз. Біз Президент Трамп Украинаға «Джавелин» кешендерін берген кезде жағдайдың өзгергенін жақсы білеміз. Бұл үшін ризамыз. Жұма күні Вашингтонда, Ақ үйде өткен кездесу жоспарланғандай өтпегені өкінішті. Мұндай жағдайдың орын алғаны біз үшін қынжыларлық жайт. Енді бәрін дұрыс жолға қою қажет. Болашақтағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастың конструктивті болғанын қалаймыз, – деді ол.

Соынмен қатар Зеленский минералдар мен қауіпсіздік туралы келісімге қол қоюға даяр екендігін жеткізді.

Минералдар мен қауіпсіздік туралы келісімге келсек, Украина оны кез келген уақытта және кез келген ыңғайлы форматта қол қоюға дайын. Біз бұл келісімді үлкен қауіпсіздік пен нақты қауіпсіздік кепілдіктеріне апаратын қадам ретінде қарастырамыз және оның тиімді жұмыс істейтініне шын жүректен үміттенеміз, - деп жазды Зеленский.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға