Жаңалықтар

Бейбіт Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі болды

Ол осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған
Бейбіт Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі болды
Фото: primeminister.kz 07.07.2022 11:29 1415

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды,– деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы primeminister.kz сайты мәлімдеді.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.

2009-2011 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.

20011-2013 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2013-2017 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.

2017-2020 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға