Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
05.06.2023 10:23
1033
Әлемнің 325-ракеткасы 22 жастағы қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен челленджер финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Жұқаев финалда әлемнің 311-ракеткасы эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдық танытты – 6:4.
Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 7:5.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына дейін жетті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды