Жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев алғаш рет челленджер чемпионы атанды

Бейбіт Жұқаев алғаш рет челленджер чемпионы атанды
Фото: ҚТФ 16.02.2025 18:02 364

Бейбіт Жұқаев жұптық сында Бахрейн челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ теннисшісі Виталий Сачкомен (Украина) бірге финалда 6:4, 6:0 жеңіске жетті.

Қарсыластары Иван Лютаревич (Белорусия) және франциялық Люка Санчес (Франция) жұбы болатын.

Бейбіт Жұқаев алғаш рет жұптық сында челленджер додасында чемпиондыққа қол жеткізді. Осыған дейін Бейбіт Жұқаев Мысыр мен Астанада жұптық сында ITF M25 санатындағы жарыстарда чемпион атанған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға