Бейбіт Жұқаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
17.10.2024 14:47
616
Қазақстандық теннисші, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екінші айналымда 24 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты жолдан тайдырды.
Бірінші партияда Бейбіт Жұқаев 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалға шығу үшін әлемнің жиырма алтыншы, осы жарыстың үшінші ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қауіпсіздік кеңесіне реформа қажет - Тоқаев
Келесі жаңалық
Павлодарлық әнші Қытайдың опера сахнасын бағындырмақ