Жаңалықтар

Бетперде таққан жігіт үш балалы жалғызбасты әйелге баспана сыйлады

Бетперде таққан жігіт үш балалы жалғызбасты әйелге баспана сыйлады
Фото: видеодан алынған кадр 28.02.2025 16:50 310

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танылған "маскадағы жігіт" жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Айжарқын такси жүргізіп, бала-шағасын асырап жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір күні балаларымен бірге ауыр жол апатына ұшырап, үлкен қызы қатты жарақат алған.

Жалға алған көлікпен такси болып, ақша тауып жүрген жерімнен жол апатына түстім. Соққы болған сәтте терезеден ұшып кеттім. Арамызда үлкен қызым қатты зардап шекті. Қолы, аяғы сынып, басы жарылды, – дейді ол.

Бала-шағасымен бірге таксиде жүруінің себебі де бар.

2024 жылдың сәуір айында көршім мас күйде үлкен қызымды зорлай жаздады. Содан кейін қыздарымды біреуге қалдырудан қорқамын. Арманым – өзімнің азық-түлік сататын дүкенімді ашу. Төрт күн болды намаз оқығаныма. Әсіресе, кеше кешке түсініксіз бір сезімде болдым, – деп ағынан жарылды жалғызбасты ана.

Бетперде киген беймәлім жігіт бұл отбасыға қолдау көрсетіп, балаларының емделуіне, дүкен ашуға қажет қаражат ұсынды. Ең бастысы, тағдырдың ауыр сынағына түскен отбасыға баспана тарту етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға