Жаңалықтар

«Бетінен атып өлтірді». Маңғыстауда көз жұмған сарбаздың әкесі жанайқайын жеткізді

«Бетінен атып өлтірді». Маңғыстауда көз жұмған сарбаздың әкесі жанайқайын жеткізді
Фото: tiktok 09.09.2024 09:43 6636

Маңғыстаудағы полигонда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарбаздың әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтинант қарумен ойнап отырғанда болған.

Жалғыз ұлымды әскерге аттандырып едім, енді мынандай қаралы хабар естіп отырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Абайсызда болған оқиға дейді, миға сыймайды. Қазір ол қамауда дейді, – дейді ер адам. 

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді.

Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек, – деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбазға оқ тиіп, қаза тапқан еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға