Жаңалықтар

Беті жыртылған. Салтанат Бақаева кішкентай ұлымен баспалдақтан құлаған

Беті жыртылған. Салтанат Бақаева кішкентай ұлымен баспалдақтан құлаған
Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva 11.04.2023 11:03 11390

Белгілі эстрада әншісі, актриса Салтанат Бақаева ұлымен бірге баспалдақтан құлаған сәтін еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол Қызықты Weekend бағдарламасында абайсызда құлап қалғанын айтты.

Әрине, бұл мен үшін өте үлкен сынақ болды. Сол тұста жұмыс көбейіп кеткен.  Балам сағынып, бір күнге Алматыға ұшып келіп едім. Түнде бала жылаған соң, төменгі қабатқа түскенмін. Екеуміздің аяғымыз тайып, екінші қабаттан бірінші қабатқа құладық. Бетім терезенің алдындағы тақтайшаға қадалып, сүйегіне дейін шығып кетті. Қайта көзіме тимегеніне шүкір. Балаларымның көз-жасына орай аман қалдым. Ал баламның бір жеріне де зақым келмеді. Періштесі қаққан шығар. Өзім қатты күйзеліске түстім. Бетімнің жыртылған жерін мықты дәрігер тігіп берді. Өзіме қатты ұнады, - деді Салтанат Бақаева.

Айта кетейік, әнші былтыр Меккеге барып, кіші қажылыған өтеп келген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға