Жаңалықтар

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз артық – Тоқаев

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз артық – Тоқаев
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 14.03.2025 16:25 140

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай барысында ұлттық киімнің маңызына ерекше тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс, - деді президент.

Мемлекет басшысы бетті тұмшалайтын қара киімдерді емес, ұлттық киімді насихаттау керектігін еске салды.

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек, - деп қосты Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға