Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында қоныс аударушыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр

Бесқарағай ауданында қоныс аударушыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр
Фото: Абай облысының әкімдігі 02.12.2023 08:43 782

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасын іске асыру аясында еңбек ресурсын арттыру мақсатында ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл шара өңіраралық көші-қонды қолдауға және аймақтардағы экономикалық белсенділікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

2023 жылдың басынан бері Бесқарағай ауданына 10 отбасы, оның ішінде 31 адам қоныстанды. Қоныс аударғандар Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы және Астана қаласынан келді. Сонымен қатар, Моңғолия Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан да қандастар келді. Қоныстанушылар тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал жұмыссыз жандар ірі қара мен жылқы шаруашылығын дамытуға тегін грант алды.

Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару кезінде экономикалық ұтқырлық сертификатын, тұрғын үйді жалға алу мен көшу шығындарын өтеуге мемлекет қолдау көрсетеді. Сертификат аясында бір отбасына тұрғын үй құнының 50%, яғни 1160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде болады. Көші-қон шығындарын өтеу әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК есебінде беріледі. Жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеу жеке үйді сатып алғанға дейін, бірақ отбасы мүшелерінің санына байланысты 12 айдан аспауы керек.

2023 жылы қоныс аударғандар мен үміткерлерге үй салу, сатып алу және ипотекалық тұрғын үй несиесіне бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі. Биыл тұрғын үй сатып алуға барлығы 1160 АЕК көлемінде 5 анықтама берілді.

Бұрын келген қандастар алған субсидияларын пайдалана отырып, жеке үй сатып алды. Бұл олардың жаңа тұрғылықты жерге тұрақты орналасуына ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға