«Бешикташқа» ауысқан Бахтиер Зайнутдинов алғашқы әсері жайлы айтты

Фото: instagram.com/besiktas
Фото: instagram.com/besiktas
18.08.2023 17:00
1318
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлға келгендегі әсерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өте қуаныштымын! «Бешикташ» – тарихы тереңде жатқан, белсенді жанкүйерлері бар үлкен клуб. Инстаграм парақшама «Бешикташ» жанкүйерлерінен көптеген хат келді. Қуаныштымын, - деді Бахтиер.
Бұған дейін қазақстандық футболшыны клуб вице-президенті мен жанкүйерлер әуежайдан күтіп алғанын жазғанбыз.
Айта кетейік, Зайнутдинов 2020 жылдан бері ЦСКА сапында өнер көрсетті. Ол «әскерилер» сапында 83 матчқа қатысып, 7 гол соқса, 8 нәтижелі пас берді.
Түркия БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ЦСКА оны 4,5 млн еуроға сатқан.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды