Бес облыста республикалық жол қозғалысы шектелді

5 өңірде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы жолдар жабық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы — 1025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1%.
Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Алматы облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жамбыл облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.
Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық.
