Жаңалықтар

Бес бастама – әлеуметтік серпіліс

Бес бастама – әлеуметтік серпіліс
14.03.2018 03:37 2379

14 наурыз күні Талдықорған қаласы, Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық бірыңғай күні өтті.

Дөңгелек үстел отырысына Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық «Нұр Отан» партиясы, ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер төрағалары, ғылыми-сарапшы топ, жетекші журналистер мен сарапшылар клубы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұсынбайұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде Қазақстан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылау болды.

Баяндамашылар:

Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы – Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі. Ғ.Тұрсынбай өз сөзінде Мемлекет басшысының  «Бес әлеуметтік бастамасы» біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Тұрғын үйге қолжетімділік деген дер кезінде қабылданған өте тамаша шешім. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайтын талап қойғаны барша жұртшылықты қуантқанын айтты.  

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы – «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
өз сөзінде Ғалиаскар Төлендіұлы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын кеңінен түсіндіріп, әрбір бастаманың елдің экономикалық дамуында үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Айтуынша, бұл үлкен және өте жақсы ойластырылған жұмыстардың нәтижесі.

Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы – облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы: Қоғамдық келісім кеңесі барлық аудандарда көшпелі кездесулер өткізді, сондай-ақ Қазақстан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылады.

Баймырзаев Қуат Маратұлы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, г.ғ.д, профессор, ғылыми-сарапшы топтың төрағасы: Ел болашағы жастарды қолдап, 2018-2019 оқу жылында студенттерге арналған қосымша гранттың өзі адам капиталы саласына елеулі серпін беретінін атап өтті. Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі, тегін білім алуға қолжетімділікті арттыру бағытында ел үшін жақсы жаңалық жария етілді. Қазіргі 54 мың гранттың үстіне 20 мың грант қосылғалы отыр.

Идигов Атсалим Саламович – облыстық «Огни Алатау» газетінің редакторы, ҚХА төрағасының орынбасары, жетекші журналистер клубының төрағасы: Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біздің мемлекет әрдайым әлеуметтік бағдарға ие болды. Сондықтан екі ұзақ мерзімді стратегияларда және Елбасы барлық жыл сайынғы Жолдауында халықты қолдау бойынша нақты шаралар қарастырылды. Оларды кезең-кезеңмен іске асыру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік берді. Тіпті дағдарыс кезеңінде де бұл курс өзгеріссіз қалды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға