Бес асықтан Қазақстан құрамасы алтын жүлде алды

Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
11.09.2024 20:12
538
Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбы атудан жүлде алған спортшыларға сыйақы берілді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды