Жаңалықтар

Берілген баспаналардың сапасы сын көтермейді - Dauletten

Берілген баспаналардың сапасы сын көтермейді - Dauletten
Фото: t.me/mazhilis_kz 03.05.2023 11:50 905

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев (Dauletten) "Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасын сынға алды. Өйткені теріскейге көшіп жатқандарға жағдай жасалмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында былтыр солтүстікке 7923 адам қоныс аударды. Олардың ішінде 1320 қандас болса, 6603-і – ішкі қоныс аударушылар. Олардың 1320 қандас және 6603 ішкі қоныс аударушылар болған. Ал биылға 8652 адамға квота бөлінген. 2021-2025 жылдарға бұл бағдарламаға 46,7 миллиард теңге бөлінсе де оң нәтижесін бермей отыр. Себебі көшіп барғандар көп ұзамай өз аймақтарына қайтадан көшіп кетті, - дейді депутат.

Ол ресми статистика бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының өзінде-ақ миграция сальдосы теріс мәнге ие. Соңғы жылдары оңтүстік аймақтан көшіп келген 600 адам бұл облыстан қайта көшіп кеткен. Ал олардың саны жыл санап артып келеді деп айтты.

Адамдарды көшіру емес, көшіп барғандарды сол мекенде ұстап қалу қиын. Арқа жайлы болса, арқар асып несі бар... Солтүстік Қазақстанда жұмыс көзі аз, өмір сүру деңгейі төмен, берілген баспаналардың сапасы сын көтермейді. Берілген жоспарды орындау үшін сан қуып жүргенде сапа ұмыт қалғандай.Адамдарды көшіру емес, көшіп барғандарды сол мекенде ұстап қалу қиын. Арқа жайлы болса, арқар асып несі бар... Солтүстік Қазақстанда жұмыс көзі аз, өмір сүру деңгейі төмен, берілген баспаналардың сапасы сын көтермейді, - деді Дәулет Мұқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға