Жаңалықтар

Берік Уәли: Саяси реформаларды қолдауға шақырамын

Берік Уәли: Саяси реформаларды қолдауға шақырамын
03.06.2022 21:00 2638

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ашық аспан астында өткен «Референдумға барамын» телемарафонында Қазақстанның 8 аймағынан тікелей эфирде референдумға қатысты ақпарат таратылды,- деп хабарлайды El.kz.

«Ашық аспан астында алғаш рет Хабар агенттігі жаңа студияда ерекше бағытта жаяу жүргіншілердің арасында телемарафон өткізіп отыр. Мақсатымыз бүгін үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күніне орай барынша халықты ақпараттандыруды көздейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси реформаларын қолдауға шақырамыз. Бүгінгі телемарафонымызға мемлекет басшыларынан бастап өнер қайраткерлері, спортшылар, блогерлер келіп референдумға қатысты пікірлерін айтты. Шетелдегі тілшілерде сол жақта жүрген азаматтырымызға референдумға қатысуға қолайлы жағдайдың жасалғаны, елшіліктерде дауыс беруге болатындығы туралы ақпараттар да бар», - деді «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға