Жаңалықтар

СҚО-да акция аясында 118 мың ағаш егіледі

СҚО-да акция аясында 118 мың ағаш егіледі
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 22.04.2025 01:31 254

«Таза Қазақстан» аясында 21–26 сәуір аралығында өңірде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс саябағында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагерлер, депутаттар, қоғам және ассамблея өкілдері және жастармен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысты. Бұл акцияның Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтуі ерекше мәнге ие.

Жасыл бастаманы облыстың барлық аудандары қолдап, бүгін елді мекендер мен орман алқаптарында 42 мыңнан астам көшет отырғызылды. Республикалық акция аясында өңірде жалпы 118 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Орман қорын сақтау және көбейту — баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл — экологиялық жағдайды жақсартуға және келешек ұрпақ үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға қосқан маңызды үлес, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға