Жаңалықтар

Bereke Bank АҚШ-тың санкциялық тізімінен шығарылды

Bereke Bank АҚШ-тың санкциялық тізімінен шығарылды
Фото: forbes.kz 09.03.2023 09:58 1129

АҚШ қазақстандық Bereke Bank-ті (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) санкциялар тізімінен алып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі АҚШ Қаржы министрлігі сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) SDN санкциялар тізімінен алып тастады.

OFAC арнайы тұлғалардың қара тізімін (SDN) жариялайды, онда АҚШ азаматтары мен тұрғылықты тұрғындарына бизнес жүргізуге тыйым салынған адамдардың, ұйымдардың және кемелердің тізімі көрсетіледі.

Еске салайық, бұған дейін Bereke Bank наурызда АҚШ билігінің санкциялардан алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға