Бердыев ресейлік клубтың бас бапкері болып тағайындалды
Құрбан Бекиұлы алматылық «Қайраттың» бапкері болған
Фото: metaratings.ru
Фото: metaratings.ru
25.12.2022 15:05
1857
Алматылық «Қайраттың» ардагері Құрбан Бердыев ресми түрде Ресей премьер-лигасының «Сочи» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Құрбан Бердыев Сочидің бас бапкері! Тәжірбиелі маман жаңа жылдан бастап өз қызметін бастайды, - деп хабарлайды Сочи баспасөз қызметі.
Сочи Құрбан Бердыевтің мансабындағы үшінші РПЛ клубы болмақ. Бұған дейін ол Қазандық «Рубин» және «Ростовты» баптаған, олармен сәйкесінше Ресей чемпионы және вице-чемпионы атағын жеңіп алды.
Бердыевтің бұрынғы жұмыс орны ирандық «Трактор» болса, оған дейін Құрбан Бекиұлы бір жылдан сәл астам алматылық «Қайраттың» бапкері болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Асайын Байханов Май ауданының бірқатар нысандарын тексерді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды