Бердібек Сапарбаев лауазымды қызметке тағайындалды
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
QazBioPharm ұлттық холдингі директорлар кеңесінің 2022 жылғы 27 тамыздағы шешіміне сәйкес, Бердібек Сапарбаев жасырын дауыс беру арқылы холдингтің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.
QazBioPharm Ұлттық холдингі 2022 жылдың жазында мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар туралы тапсырмасын орындау шеңберінде құрылған еді.
Осыған дейін Бердібек Сапарбаев «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Instagram парақшасында «Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл. Мемлекеттік ақпараттық жүйе құру» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысқандығы туралы жариялаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram