Жаңалықтар

Берденовке жасалған қастандық: қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған

Берденовке жасалған қастандық: қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған
Фото: Руслан Берденовтің фейсбуктегі парақшасынан 02.05.2025 16:01 216

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл істі тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚК 24-бабы 3-бөлігі — Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады. ҚК 99-бабы 2-бөлігі 6-тармағы — басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу, - делінген мәліметте.

Аталған қылмыстар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза мүлікті тәркілеумен немесе тәркілеусіз сот шешімімен тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Бенденовке үш рет оқ атылды. Күдікті ұсталған. Әкім орынбасарына шұғыл түрде операция жасалып, ол әлі де дәрігерлер бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға