Жаңалықтар

Бензин құтысымен ойнап, денесін күйік шалған баланың жағдайы ауыр

Бензин құтысымен ойнап, денесін күйік шалған баланың жағдайы ауыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.05.2023 14:45 920

Алматыда бензин құйылған құтыға сіріңке жағып ойнаған баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

27 мамыр күні сағат 18.40 Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған баланың күйік алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді.

Екі баланың жеке тұрғын үйдің ауласында ойнағаны анықталды. Олардың біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жағып, абайсызда мойын, арқа, бөксе, II-III дәрежелі оң иық аймағында термиялық күйік алды, 20-29%. Зардап шеккен бала Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Қазір жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде ем қабылдауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға