Бензема Роналдудың клубына ауысуы мүмкін
![Бензема Роналдудың клубына ауысуы мүмкін Бензема Роналдудың клубына ауысуы мүмкін](/storage/storage/element/2024/01/30/mainphoto/87275/1200xauto_RFGNpkW6VGRHYQiZqPUmJuEqqtPGV5rfpDefJAeA.jpg)
«Әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема қысқы трансферлік терезе кезінде клубын ауыстырмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Goal мәліметінше, Бензема «Әл-Иттихадтан» кетуіне оның клубтың Про-лигадағы өнеріне көңілі толмауы себеп. Клуб та оны жалға беру құқығымен босатпақ, бірақ міндетті талап бар – ол Сауд Арабиясынан кетпеуі керек.
Дереккөз француздың Эр-Рияд клубына ауысуы мүмкін екенін айтты. Ал мұндай командалар екеу ғана: «Әл-Хиляль» мен «Әл-Наср». Соңғысында Бензема «Реалда» бірге ойнаған Криштиану Роналду бар.
Айта кетейік, 36 жастағы Бензема «Әл-Иттихад» сапына 2023 жылғы жазда ауысты. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылғы жазға дейін есептелген.
Биылғы маусымда ол 20 ойында 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)