Жаңалықтар

Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын соқты

Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын соқты
Фото: instagram.com/karimbenzema 28.07.2023 15:29 835

Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

2022 жылғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Франция құрамасының экс-шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына келісімен алғашқы голын салды.

Оқи отырыңыз:

Ол Араб чемпиондары клубтарының кубогы үшін жарыста Тунистің  «Эсперанса» командасымен ойында 55-минутта допты торға тулатты.  Ал матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталды. Карим Бензема бірінші голдың салынуына да көмектесті. Ол қорғаушыны алдап, командаласы Абделразак Хамдаллаға әдемі пас берді.

Бензема бұған дейін 14 жыл мадридтік "Реал" сапында өнер көрсетті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға