Жаңалықтар

Бенфика һәм Астана

Қазақ футбол тарихында УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңінде тұңғыш рет ойнайтын «Астана» футбол клубы 15 қыркүйек күні Лиссабон қаласында «Бенфик» клубымен кездеседі.
10.09.2015 05:18 3222

Қазақ футбол тарихында УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңінде тұңғыш рет ойнайтын «Астана» футбол клубы 15 қыркүйек күні Лиссабон қаласында «Бенфик» клубымен кездеседі. Осыған байланысты қызықты статистикаларды тізіп бермекпіз.

Бенфика һәм Астана

Чемпиондар лигасының «С» тобында Қазақстан чемпионына қарсылас атанғандар: «Бенфика» (Лиссабон, Португалия), «Атлетико» (Мадрид, Испания) және «Галатасарай» (Стамбул, Түркия).

Елордалық клуб өзінің алғашқы ойынын 15 қыркүйек күні португиялық «Бенфикамен» өткізеді. Ал 30 қыркүйек күні «Астана» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдайды.

Астана мен Лиссабонның арасы 7348 шақырым екен. Демек, «Астана» командасы ұзақ жолға шығып, чемпиондар лигасындағы алғашқы рекордын жаңартпақ. 2013 жылы УЕФА чемпиондар лигасының іріктеу сындарында ойнаған қарағандылық «Шахтер» шотландиялық «Селтикпен» кездескенде 6493 шақырымды бағындырған еді.

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов ойыншы ретінде 1995-1997 жылдары Португалияның «Кампомайоренсе» командасының құрамында ойнап, Бенфикаға қарсы 2 рет матч өткізген. Сырт алаңда 2-0 есебімен ұтылып, өз алаңында 0-0 есебімен тең тарққасқан.

«Бенфика» ойыншысы Мехди Карсела-Гонсалес пен «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Бельгияның «Стандарт Льеж» академиясының түлектері.

Мехди Карсела-Гонсалес (Бенфика) пен Джуниор Кабананга (Астана) Бельгия чемпионатында бір біріне қарсы талай ойнаған.

«Бенфика» сапындағы сербиялық ойыншы Любомир Фейса Сербия ұлттық құрамасындағы дебютті матчын 2007 жылы Қазақстанға қарсы ойнаған.

«Бенфика» командасы топтық кезеңде осымен 11 мәрте ойнағалы тұр. Және команда тізгінін жақында қолға алған бас бапкер Руй Викторияның жетекшілігімен алғаш рет ойнайды.

«Бенфика» топтық кезеңде ойнаған соңғы 7 маусымында плей-офф кезеңіне небәрі бір ақ рет шықты. 2011-2012 жылы ширек финалға дейін жетіп, лондондық «Челсиден» жалпы есепте 3-1 есбебімен ұтылды.

«Астана» командасы жеңісті жолын жалғастыра беретін болса, клубтық рейтингте үздік 200 команданың қатарына қосылу мүмкін. Қазір Клубтық рейтинг бойынша «Астана» 222 орында тұр.

«Астана» командасы УЕФА чемпиондар лигасының іріктеу сындарында бір-ақ рет жеңілген команда. Сондай-ақ, «Астана» клубы әзірге өз алаңында ешкімнен жеңілген жоқ, тіпті тең ойнаған да жоқ. Сырт алаңда «ХИК» және «АПОЭЛ-мен» 0-0 және 1-1 есебімен тең тарқасты.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға