Жаңалықтар

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті
Фото: Коллаж El.kz 01.04.2024 17:30 2272

Биыл қызыл судың қарқыны қатты. Наурыздың соңғы күндері Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Абай облыстары қатты қиналды. Су басқан ауылдардың халқы, құтқарушылар күні-түні көз ілмей жұмыс істеуде. Белуардан су кешкен олар ағын судан адамды, жан-жануарларды да аман сақтап қалуда. Бұл еңбектері бағалануға тұрарлық. Апат болып жатқан өңірлерге аттанған өзге аймақтан да құтқарушылар бар. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі су тасқыны кезінде жұртты сүйсінткен құтқарушылар туралы сөз қозғамақ. 

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Облыс аумағында 757 үйді су басқан. Эвакуацияланған 3716 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылса, 1798 адам туыстарының үйінде. Ал 7072 бас жануарлар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінттіФото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 125 965 дана қап және 260 982 тонна инертті материалдар төселіп, 53 195 текше метр су сорылды. Авариялық құтқару жұмыстарына 3025 адам, 539 техника, 32 су сору құрылғысы және 18 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазір «Жедел желі» телефоны жұмыс істеп тұр, оған ақпараттық сипаттағы 157 қоңырау түскен.  Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ал Оңтүстік облыстардағы су тасқыны кезінде 1012 адам, оның ішінде 300 бала және 487 адам әуе маршымен құтқарылды. Қазіргі таңда тағы 25 адам көмек күтуде, оның ішінде 6 бала, 51-і авиация күшімен.

Қостанай облысының су басқан аймақтарынан 1400-ден астам адам көшіруден бас тартқан. Төтенше жағдаймен күресуге Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 1000-нан астам адамы, еріктілер, полиция қызметкерлері, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің әскери және қосымша күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқарушыларға облыстық және Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі көмекке келген.

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Қостанай облысында республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдарда 15 су тасқыны орын алған. Қостанай облысының оңтүстік аудандарындағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Облыс басшысы Құмар Асксақаловтың төрағалығымен облыстық жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.

Ал Көкшетау қаласындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы негізгі жұмыстарды аяқтады. Жамбыл облысы ТЖД жұмылдырылған күштер мен топтары алдын-ала Атбасар қаласына жіберілді.

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда жедел штаб жұмысын әлі де жалғастыруда, 6 жерде Қылшақты өзенінің деңгейін бақылау үшін өлшеуіш құрылғылар орнатылған. Көше-жол төсемінен еріген суды сору жұмыстары жалғасын табуда. Көкшетаулық құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр.

Белуардан су кешкен құтқарушылар жұртты сүйсінтті

видеодан қиып алынды

Өмір Шыныбекұлы Facebook желісіндегі парақшада:

Қызды арқалап судан өткізген жігіттің аты-жөні Қапият Дәулет екен. Ақшасы төленген таксиден түсіп кете барған қызды танысаңыздар, жігіттің бетінен “шөп" еткізгенде керемет көрініс болар еді, әттең-ай... Қыздың шешесіне сәлем айтыңыздар. Қызына тіпті “рахмет” айтуды үйретпепті. Әрине жігіт алғыс алу үшін өткізген жоқ... Дегенмен, кез-келген еңбектің өтеуі ең құрыса бір ауыз жылы сөз болуы керек, - деп жазды.

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев видеодағы жігіт компания қызметкері екенін жазды.

Желі қолданушылар: 

Ана бала бұлай анасын көтермеген шығар. Жарайсың! Рақмет деп айтқан шығар, естімедіңдерғой. Адам кез келген істі рақмет айтсын деп емес, Алла разылығы үшін деп істеу керек, – деп жарыса пікір жазды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға