Жаңалықтар

Бельгиялық Жәнібектің анасы табылды ма? 4 әйелдің анализі шықты

Бельгиялық Жәнібектің анасы табылды ма? 4 әйелдің анализі шықты
Фото: instagram.com/kymbatdoszhan 05.04.2024 17:00 3481

Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық Жәнібектің болжамды аналары ДНҚ тест тапсырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік.. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық роддомы мен детдомы. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр әбден таяды, - деп жазды Қымбат Досжан.

Ал Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.

Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға