Жаңалықтар

Бельгиялық қазақ баланың болжамды анасы Өзбекстаннан табылды

Бельгиялық қазақ баланың болжамды анасы Өзбекстаннан табылды
Фото: Видеодан кадр 28.12.2023 09:31 29334

Қазақстан халқы Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп келген Мұрат мұратына жетсе екен деп тілеп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Руслан Өтепбай “Көреміз” бағдарламасында Мұраттың болжамды анасы Өзбекстаннан табылып, ДНҚ тапсырғанын айтты.

“Көреміздің” шығарылымында күйзелісті басынан өткеріп, жер жаһаннан ең жақын адамын іздеп жүрген жігіттің жанын жараламау үшін тырысып бақтық. Оны дүниеге әкелген биологиялық анасының ізімен жүріп өттік, алғаш рет Жәнібекті туған жері Арқалыққа апардық. Мұның өзі қазақ баласының сөнген үмітін қайта жағып, өмірге деген құлшынысын арттырады деген ойдамын. “Көреміз” редакциясы жүргізген зерттеу барысында болжамды ананың бірі Өзбекстан Республикасы, Нүкіс қаласынан табылды. Біз бірден келіншекті Алматыға алдырттық. Бүгін белгілі болған ДНҚ сараптамасының қорытындысы бойынша, өзбек азаматшасы мен Жәнібектің арасында ешқандай туыстық қарым-қатынас анықталмады, - деп жазды журналист.

Жәнібекті анасын “Көреміз” командасы һәм телевизия саласындағы мамандар іздеп жатқанын атап өтті.

Сондықтан жақынын іздеп, шарқ ұрған Жәнібек үшін дұғада болайық! Өткені бұралаң болған бауырымыздың болашағы баянды болғай! Жәнібектің анасы табылса, сүйінші хабарды дереу жеткіземіз!, - деді ол.

Айта кетейік, Бельгиялық қазақ бала қуанышты жаңалық барын айтып, жазба жариялаған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға