Жаңалықтар

Бельгияда Қазақстанның Құрметті консулына патент табысталды

Бұл туралы СІМ мәлім етті
Бельгияда Қазақстанның Құрметті консулына патент табысталды
Фото: gov.kz 13.02.2023 19:42 921

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан бельгиялық белгілі кәсіпкер Джозеф Лебонға Батыс Фландрия, Шығыс Фландрия, Фламанд Брабант және Лимбург провинцияларындағы Қазақстанның Құрметті консулының экзекватурасы мен патентін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Бельгиядағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі – «Allia Insurance Brokers NV» компаниясының атқарушы директоры болып табылады.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген М. Баймұхан өзі өкілдік ететін мемлекет пен болу ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің пәрменді құралы болып табылатын құрметті консулдар институтының дипломатиялық қатынастар тәжірибесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Дж. Лебон Қазақстан басшылығының оған көрсеткен сенімі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бар күшін салатынына сендірді.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Бельгияның басқа провинцияларындағы құрметті консулдары Оливье Виллокс пен Анна Сусарова қатысты. Кездесуге қатысушылар Елшімен Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту, Бельгияда қазақстандық экспорт пен мәдени мұраны ілгерілету, ғылыми, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға