Жаңалықтар

Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов өмірден озды

Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов өмірден озды
Фото: Ашық дереккөзден 14.06.2024 20:45 829

Елімізге белгілі мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Классик жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Мұхтарұлы 1943 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 

Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін маңызды қызметтерді атқарды. 

1970—1976 жылдарда М.М.Әуезов «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.

1981—1987 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды.

1988—1990 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды.

1990-шы жылдардың соңында М.М. Әуезов Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі болды.

1990 жылы Әуезов М.М. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы болды.

1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол ҚР ерекше тапсырмалар бойынша Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және Қоғамдық келісім Департаментін басқарды.

1999 жылғы желтоқсаннан «Сорос-Қазақстан» қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың Президенті.

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры қызметіне атқарған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға