Жаңалықтар

Белгілі имам Нұрлан Байжі­гіт­ұлы үйлі болды

Белгілі имам Нұрлан Байжі­гіт­ұлы үйлі болды
Фото: Видеодан кадр 18.09.2023 11:21 2060

Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде танымал имам, дін­тану­шы Нұрлан Байжі­гіт­ұлының жеке үйі жоғы жайлы ақпарат тараған болатын. Имамның үйіне тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы құттықтап барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы имамның жаңа қонысына барып, шашу шашты. Бұл жайлы белгілі блогер Instagram парақшасында айтты.

Нұрлан имамның үйіне шашу. Қоныс құтты болсын. Үйіңіз берекелі болсын, - деп жазды блогер.

Видеодан Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның үйіне шашумен кіргенін көруге болады. Желі қолданушылары Нұрлан имамның бұл жаңалығына қуанышты екенін жарыса жазды.

"Үйі жоқ деп еді, жақсы болған екен", "Қуанып отырмын. Берекелі үй болсын", "Шын жүректен құттықтаймын", "Керемет жаңалық", "Қоныс құтты болсын", "Өзім үй алғандай қуанып отырмын", - деп жазды желідегілер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Батырдың парақшасы😍 (@batyr_bloger)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға