Белгілі басылымның редакциясын сындырған бұзақылар ұсталды
Заңсыз әрекет жасады деген екі адам қолға түскен
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz
25.11.2022 04:34
916
«El Media» редакциясына кіретін терезелерді cындырған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамның ұсталғанын айтқан. Олар: Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.
Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.
Істің басқа да мән-жайлары анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бразилия Сербиямен ойында ойсырата ұтты
Келесі жаңалық
БҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты