Белгілі балуан қазақстан күрес федерациясының вице-президенті атанды

Фото: © Olympic.kz
Фото: © Olympic.kz
23.12.2023 08:25
1956
Еркін күрестен Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нұржан Қатаев Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының қорытынды конференциясында белгілі болды.
Нұржан Қатаев еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бүгінге дейін спорт саласында елеулі еңбек еткен.
Сондай-ақ, Атырау облыстық күрес федерациясын басқарған Асқар Құлов та вице-президенттікке сайланды.
Танымал мамандар еліміздегі күрестің дамуына ықпал ету үшін бірлесіп қызмет етуге кіріспекші.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміз суды тұтыну бойынша көш басында келеді
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті