Жаңалықтар

Белгілі актер өзін "Бауыржан шоу" театрынан не үшін қуып жібергенін айтты

Белгілі актер өзін "Бауыржан шоу" театрынан не үшін қуып жібергенін айтты
Фото: Видеодан кадр 30.06.2023 17:05 1750

Танымал актер әрі асаба Мәлік Әбдіраман  "Бауыржан шоу" театрынан неге кеткен? Бұл туралы актер БазарLike бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көп адамның артынан ердім. Солардың шашбауын көтердім. Солардың шопыры да болдым. Үйлерінде қандай тұрмыстық жұмыстар бар, соларды істеп жүрдім. Ол үшін өкінбеймін. Бәрі де сол өнер адамдары ғой. Өнердегі көкелерім. Құдайдан жасырмағанды адамнан несін жасырамын. Біз Қызылордаға барғанда барлығы жиналып, мені жұмыстан шығарып жіберді, - дейді актер.

Мәлік Әбдіраман сол кезде осы оқиға болмағанда қазіргідей деңгейге көтерілмес едіп дейді.

Барлығы бас салып, "Сен көптің бірісің, сенің ешқандай актерлік қабілетің жоқ. Сен кет, егер кетпеймін десе, администраторлық жұмысты атқар", - деді. Сол нәрсе маған себеп болды. Егер сол нәрсе болмағанда, мен қатардағы актер болып қалар едім. Маған қамшы болды. Мен ренжідім оларға. Бірақ қазір солардың әрқайсысының айтқанына ризамын. Әр жаманның артында бір жақсы іс бар деген нәрсеге сол кезде көзім жетті, - дейді актер.

Актер бұл жұмыстан кеткен соң театрға жұмысқа орналасқан.

"Бауыржан шоуда" барлығы менің кетуімді қалап дауыс берді. Сол күні мен Қызылордадан Алматыға қарай пойызға мініп, келгенше көзімнің жасы кеппеді. Түскен бойда Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, жұмысқа орналастым. Майғазиев жұмыстан шығып жатыр екен. Соның орнына "Қыз Жібек" спектакліндегі Сансызбайдың рөлін ойнап шықтым", - дейді актер Мәлік Әбдіраман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға