Жаңалықтар

Белгілі адвокат Бишімбаев пен Байжановтың қанша жылға сотталатынын болжады

Белгілі адвокат Бишімбаев пен Байжановтың қанша жылға сотталатынын болжады
Фото: Коллаж El.kz 23.04.2024 10:35 3045

Танымал адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Өтебеков экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетейік, айыпталушы Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айтып, жантүршігерлік видео түсіргені белгілі болды.

Бишімбаевтың өзіне ор қазып, өзін ұстап бергенін әділдік орнады деуге болады. Сот басталғалы жазадан сытылып кетудің барлық амалын жасады. Қанша ашуланса да, өзін өте жақсы қстады. Бірақ өлім аузында жатқан әйелін түсірген видеосын ұмытып кеткендіктен ғана телефонының құпия сөзін айтты. Осы сәтте қандай жауап берерін білмей састы, - деді адвокат.

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев 25 жылға сотталуы мүмкін.

Бір өкініштісі, менің өзім Салтанат пен оның ағасы үшін алаңдап, психологиялық соққы алдым. Бірінші күннен бастап экраннан зұлымдық насихатталғандай сезім болды. Менің психологиялық күйзеліске ұшырауыма, әсіресе, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылмауы да әсер етті. Ол үшін ұяламын. Жалпы кешегі видеодан соң Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Ал Байжановқа 4 жыл берілуі мүмкін, - деді адвокат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға