Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
26.01.2025 14:04
487
Кандидаттар тізімінде 5 адам бар. Олардың арасында қазіргі президент Александр Лукашенкодан бөлек, Сергей Сыранков, Александр Хижняк, Олег Гайдукевич пен Анна Канопацкая бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белта агенттігінің жазуынша, 21-25 қаңтар аралығында өткен алдын ала дауыс беруде сайлаушылардың қатысуы айтарлықтай жоғары болған. Оған халықтың 41,81%-ы қатысқан.
Ел аумағында 5325 сайлау учаскесі құрылған. Олар бүгін сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Юлия Галышева могулдан әлем кубогында қола медаль алды