Беларусь Президентінің Қазақстанға сапары жоспарлануда
![Беларусь Президентінің Қазақстанға сапары жоспарлануда Беларусь Президентінің Қазақстанға сапары жоспарлануда](/storage/storage/element/2020/01/28/mainphoto/3894/1200xauto_ZHd1nUPo2CEaqsGo6uBaDN9UiWlp9oKypggqWfSk.jpg)
10.06.2019 18:05
3319
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады. Мазмұнды әңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Алдағы екі жақты іс-шаралар кестесіне, бірінші кезекте, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарына ерекше назар аударылды. Экономикалық дипломатияның рөлін ескере отырып, тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының жұмысында сыртқы істер министрліктері және шетелдік мекемелердің экспортты жылжыту жөніндегі қызметі бөлігінде тәжірибемен алмасты. Қазақстан ТМД шеңберіндегі Беларусьтің негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан және Беларусь арасындағы тауар айналымы 680,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артты. Экспорт көлемі 87,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

mfa.gov.kz
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ-дағы Қазақстан дипломатиясына 27 жыл толды
Келесі жаңалық
Семейде 10 қабатты үй өртенді